Несеп тас ауруларын емдеудің жаңа әдістері қолданылуда - Ұлт саулығы|27 Ақпан 2014, 10:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Несеп тас ауруларын емдеудің жаңа әдістері қолданылуда

Астана. 27 ақпан. Baq.kz – Астанадағы №2 қалалық ауруханада несеп тас ауруларын емдеудің тиімді әдістері енгізіліп, дәрігерлердің кең қолданысына ене бастады. 

Несеп тас ауруы (уролитиаз) - көп тараған кеселдердің бірі. 2010 жылға дейін Қазақстанда бұл ауруды емдеудің негізгі әдісі - ашық ота болып келген. Инновациялық технологиялар дамығалы бері соңғы жылдары аз инвазивті (аз зақымдайтын) әдістер тәжірибеге енгізіліп, несеп жолдарына жасалатын ашық хирургиялық оталардың санын азайған.
№2 қалалық аурухананың урология бөлімінде бүйрек түбекшесі мен несепағардағы ірі тастарды (1,5 см үлкен) емдеудің жаңа әдісі тәжірибеге енгізілді. Бұл әдісте барлық құралдар ішперде қуысынан тыс жерге енгізіледі, осылайша, ішперде қуысындағы мүшелердің зақымдалу қаупі толық жойылады. Мұның ерекшелігі де, артықшылығы да осында. Науқастарда операциялық жарақаттау төмендеп, шығын азайып, ауруханада аз уақыт болады. Айығу мерзімінің қысқалығы және қалыпты жағдайға тез оралу мүмкіндігіндігі мол.
Біле жүріңіз, Ертеде Мысырда, біздің дәуірімізге дейінгі 3,5-4 мың жыл бұрын өмір сүрген адам мумиясынан бүйрек тасы табылған. Несеп тасы ауруының өсуі елімізде жылдан жылға артып барады, осы аурулардың 65-70 пайызы еңбекке жарамды 30-50 жас аралығындағы азаматтарда кездеседі. Сырқаттың ең жиі кездесетін белгісі және ауыры - бүйрек шаншуы. Шаншу кенеттен бел тұсында басталып, тастың орналасу жеріне байланысты қабырға астына, мықын, шап аймағына, сыртқы жыныс мүшелеріне, санның ішкі бетіне таралуы мүмкін. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер