Науқастардың арасында ораза ұстаймыз деп дәріден бас тартатындар бар — Біртанов - Ұлт саулығы|04 Маусым 2018, 13:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Науқастардың арасында ораза ұстаймыз деп дәріден бас тартатындар бар — Біртанов

Фото: www.mz.gov.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласында менингиттен көз жұмған үш адамның ораза ұстағанын айтты. Сондай-ақ ол науқастар арасында ораза ұстаймыз деп дәрі қабылдаудан бас тартқандардың барын жасырмады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі күнде алдын алу шаралары пайдалы болып отыр. Қажетті шаралар туралы ақпарат беріп жатырмыз. Біріншіден, өз-өзінің денсаулығын сақтап, көп адам жиналатын орындарға бармай, балаларды жібермей, олардың денсаулығын сақтау мәселелері», - деді министр баспасөз мәслихатында.

Ол сондай-ақ Алматы қаласында менингиттен қайтыс болған үш науқастың Ораза ұстағанын атап өтті.

«Алматы қаласында қайтыс болған науқастардың үшеуі ораза ұстағанын айтып өттік. Соған байланысты біз мүмкіндік болса Оразаны тоқтатып, осы ауруларға қарсы дәрі-дәрмек бергенде қабылдау қажет екенін айтып отырмыз. Кейбір науқастар «біз ораза ұстаймыз» деп дәріні алмаған. Соған да байланысты болу мүмкін, сонымен бірге бұл ауру адамның иммунитетіне де байланысты. Иммунитет нашар болса қауіп өте жоғары», - деді Біртанов.

Еске сала кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрі елімізде 2018 жылдың басынан бері 58 науқас менингитпен тіркелгенін, оның ішінде 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар екенін айтты. Жыл басынан бері 12 жағдай өліммен аяқталған, оның 5-еуі 14 жасқа дейінгі балалар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер