BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министр Біртанов ақхалаттыларды төл мерекесімен құттықтады

Фото: Абзал Қалиев

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Елордадағы Оқушылар сарайында өткен шара ақхалаттылардың кәсіби мерекесіне орайластырылды.

«Биылғы мерекеміз өте ерекше. Оның себебі – Елбасының арқасында Астанамыз халықаралық деңгейде танымал қала болды. Бұған елордада өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО» көрмесі дәлел. Біз бұл көрмеге ұзақ әрі жан-жақты дайындалдық. Елордамызда халықаралық талаптарға сай ауруханалар бой көтерді, онда тәжірибесі, білімді де білікті сіздер секілді мамандар жұмыс істейді. Медициналық көмекке жүгінгендердің арасында шетелдіктер де бар. Үндістан, Ресей, Эквадор секілді елдерден келген. Барлығына жоғары деңгейде көмек көрсетіліп жатыр. ЭКСПО бізге қиындық емес, керісінше үлкен мүмкіндік. Біз көрме арқылы дүниежүзіне өзіміздің тәжірибемізді, медициналық саладағы мүмкіндігімізді көрсетеміз. Сонымен сіздерді шын жүректен құттықтаймын», - деді министр мырза.

Құттықтау сөзден кейін ведомство басшысы медицина саласына 30 жылдан астам уақытын арнаған 5 дәрігерді «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ бірқатар ақхалатты «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Астанада 37 медициналық мекемеде 3606 дәрігер және 6579 орта топ қызметкері еңбек етеді. Қаланың денсаулық сақтау саласы күн санап өз мүмкіндігін арттыруда: медициналық мекемелер жаңадан салынып, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Тек 2015-2016 жылдың өзінде бірнеше денсаулық сақтау нысаны бой көтерген. №4 қалалық емханада соңғы үлгідегі жабдықтары бар геронтологиялық орталық ашылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер