Министр Денсаулықты дамыту бағдарламасының бірнеше бағытын атады - Ұлт саулығы|10 Маусым 2014, 15:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Министр Денсаулықты дамыту бағдарламасының бірнеше бағытын атады

 

Астана. 10 маусым. Baq.kz – Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.
 

 - 2011-2013 жылдардағы 1 кезеңдегі 6 бағыт бойынша «Саламатты Қазақстан» Денсаулықты дамыту Мемлекеттік бағдарламасын орындаудың негізгі қорытындылары мынадай көріністі құрап отыр. І бағыт – қоғамдағы денсаулық сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру. Осы мақсатта, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде алғаш рет халық денсаулығын қорғау проблемаларын шешуде сектораралық өзара іс-әрекет қағидаты енгізілді. Медицинадағы сектораралық іс-әрекеттестік дегеніміз - өмірдің барлық кезеңдерінде адам денсаулығын қорғауға барлық құрылымдарды және адамның өзін үйлестіруді білдіреді, - деді министр.

- Сонымен қатар, халықтың денсаулық жағдайына қандайда бір әсер ететін барлық мемлекеттік құрылымдарға ортақ жауапкершілік жүктейтін 7 сектораралық бағдарлама да 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Атап айтсақ, ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп мектеп оқушыларын тағаммен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда; ҚР Төтенше жағдай министрлігімен бірге шұғыл медициналық-құтқару көмек көрсету бойынша трассалық пункттер құрылуда, санитарлық авиация дамуда; ҚР Ішкі істер министрлігімен нашақорлық мәселелері, мектеп оқушылары араларында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және ескерту бойынша шаралар, пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен күрес және АИТВ/ЖИТС бойынша мәселелері шешілуде және 3 консультативтік-диагностикалық пойыздарды енгізу жобасы ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен бірігіп іске асырылды. Осы бағыттардағы жұмыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады, - деді Салидат Зекенқызы.
 
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
Суретті түсірген – Азат ЕСЕМБЕКОВ

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер