Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Сарқыт Бейсенова менингит жұқтырған балалардың ата-аналары мен туыстары тексерілгенін, олардан қауіпті аурудың белгілері анықталмағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Менингококк инфекциясын жұқтырған бірінші бала туыстарымен Алматыда қонақта болған. Астанаға келгеннен кейін біздің стационарға жатқызылды. Менингит жұқтырған екінші бала 26 мамырдан 31 мамырға дейін Аршалы ауданында қонақта болған», - деді ол.
Осы орайда департамент өкілі тіркелген жағдайлар незігінде балалармен қатынаста болған азаматтардың толық тексерістен өткенін мәлім етті.
«Екі жағдайда да эпидемиялық ахуал іс-шараларын жүргіздік. Қатынаста болған адамдардың барлығын тексеріп шықтық. Нақтырақ айтсам, бірінші жағдайда 14 адам тексерілді. Зерттеу барысында олардан бактерия табылған жоқ. Екінші жағдайда баланың ата-анасы тексерілді. Әріптестеріміз Аршалы ауданында төрт адамды қарады. Қазіргі таңда зерттеу қорытындысын күтіп жатырмыз», - деді Сарқыт Бейсенова.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Астанадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!