Менингит ауруының штамдарын Назарбаев университетінің ғалымдары зерттемек - Ұлт саулығы|07 Маусым 2018, 11:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Менингит ауруының штамдарын Назарбаев университетінің ғалымдары зерттемек

Фото: ашық дереккөзден

ОКҚ-да өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин менингит ауруының штамдарын Назарбаев университетінің ғалымдары зерттейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Менингит ауруының қоздырғыштарын зерттей бастадық. Оларды біз Қазақтанның барлық өңірлерінен жинап, Астанаға алып келдік. Қазіргі таңда Назарбаев Университетінің ғалымдарымен бірлесіп, зерттеу жұмысын бастадық», - деді бас санитар дәрігер.

Оның айтуынша, дәрігерлер 2015, 2016, 2017 жылдары алынған менингит ауруының қоздырғыштары бар проболарды жинаған. Олардың ендігі мақсаты – ауру штамдарының қай жерден шыққанын анықтау.

«Оларды біз бір-бірімен салыстырамыз. Яғни геномдарды топтастырып, оларды секвестрлейміз. Геномды анықтаған кезде оларды аталған аурудың 2015-2017 жылғы қоздырғыштарымен салыстырамыз. Зерттеу жұмыстары аяқталған соң, аурудың штамдары жергілікті немесе жаңа штамдар екенін анықтаймыз. Бұл жұмысты аяқтауға 2 аптаға жуық уақыт керек», - деп түйіндеді сөзін Жандарбек Бекшин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер