Мейіргерлердің өзін-өзі бағалауы төмен - Ұлт саулығы|16 Мамыр 2014, 12:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мейіргерлердің өзін-өзі бағалауы төмен

Астана. 16 мамыр. Baq.kz – Бүгін Елордада халықаралық мейіргерлер күніне арналған «Медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсетуде мейіргер қызметінің рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өтуде. Шарада Қазақстандағы мейіргерлік ісіне қатысты отандық және Финляндия, Литвадан келген мамандар, медициналық қауымдастырқтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің баяндамалары талқыланды. 

Конференция барысында Литва елінің денсаулық сақтау министрінің халықаралық байланыс бойынша кеңесшісі Миндаугас Паулюкастың отандық мейіргерлік іс жайлы пікірін біле алдық.

Литва мамандары ел мейіргерлерімен тәжірибе алмасу жұмыстарын бір жыл бұрын бастапты. Сол кезде мейірбикелердің біліктілігін арттыру бойынша екі ел арасында ынтымақтаса жұмыс істеу жайлы келісім де жасалған.

«Біз Алматы, Астана қалаларындағы аурухана, емханаларда қызмет атқаратын мейіргерлермен таныстық. Бізге ұнағаны, мейірбикелердің өз ісін ары қарай жетілдіруге деген құлшынысы, жаңа білім алуға деген ынтасы зор. Жоғары білім алсам дегендері де бар. Біздің елде мейіргерлердің он екі пайызы жоғары білімді. Бұл сан да артып келеді. Бұл адамның өзін-өзі бағалауын жоғарылатады. Қазіргі таңда мейіргерлерге осы тұсы кемшін түсіп жатады. Одан кейінгі мақсатымыз, мейіргердің менеджментті игеруі. Бас мейірбике бар персоналды қалай басқару қажет екенін білуі тиіс», - деді М.Паулюкас.

Жиында мейіргер қызметі қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін зор әлеуетке және мүмкіндікке ие денсаулық сақтау жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі екені ерекше атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде 150 мыңнан астам орта деңгейдегі медициналық қызметкер жұмыс істеуде. Мамандарды дайындаумен 28 мемлекеттік және 40 жеке меншік медициналық оқу орындары айналысады.

 

Арайлым Бексейітова


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер