Астана. 5 маусым. Baq.kz - Бүгін Елордадағы «Думан» қонақ үй кешенінде «ТМД елдерінің зертхана қызметтерін үйлестіру, тәжірибе алмасу. Зертхана тесттерінің фундаменталды негізі, инновациялық технологиялар, клиникалық маңыздылығы» тақырыбында екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық форум өз жұмысын бастады. Оған жақын шет елдердің ірі ғалымдары мен АҚШ, Германияның жетекші доктор, профессорлары және елдегі медицина саласының мамандары қатысуда, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мұрындық болып, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ және «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ ұжымының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараның басты мақсаты - Қазақстан мен ТМД елдерінің зертхана қызметі жұмысының қазіргі заманғы аспектілерін мемлекет және халықаралық масштабта клиникалық зертханаларды үйлестіре отырып, орталықтандыру тәсілдеріне қатысты тәжірибе алмасу болып табылады. Форумның ашылу салтанатында «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Тамара Вощенкова сөз алып, бүгінгі таңда ұйымдастырылып жатқан жиынның маңыздылығына тоқталып өтті.
- Бүгінгі таңда біздер үшін зертхана қызметі нарығының өсу және саланың коммерциялану қарқынын басып озатын медицинаның осы бағыты жоғары ғылыми еңбекті талап ететінін ескере келе, медициналық зертхана жұмысының жаңа қағидаттарының туындау сәтін жіберіп алмау маңызды. Оған қоса күш-жігерді халықаралық деңгейде біріктіре отырып, ТМД елдерінің аумағында жаппай медицинаның осы саласының дамуына импуьс беру ортақ қағидамызға айналуы тиіс, - деді ол.
Жалпы, симпозиум барысында елдегі және Кеңестік кезеңнен кейінгі клиникалық зертханалардың қазіргі жағдайы, медициналық зертханалық зерттеудің нормативтік-құқықтық негіздері, білікті мамандар мен зертхана қызметіндегі сапа менеджменті, мамандарды даярлау және қайта даярлау және ұлттық эпидемиологиялық қауіпсіздік пен репродуктивті жүйедегі ауруларды диагностикалау мәселелері жан-жақты талқылануда.Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!