АСТАНА. 21 ақпан. BAQ.KZ – Медициналық заттарды сатып алу кезінде ең бастысы сатып алу жолының ашықтығына мән беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде емделушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық Кеңестің отырысында жауапты хатшы С.Мусинова мәлімдеді.
«Министрлік дәрі-дәрмектерді сатып алу ісінде ашықтық пен бюджеттін қаржысын үнемдеуді басты орынға қояды. Көптеген көлеңкелі сатып алу жолдары кесілді. Ұзақ мерзімді сатып алулар үшін жаңа Ереже ұсыналатын болады. ол жерде медициналық заттарды сатып алудың ашықтығы мен нақты критерилері, ұзақ мерзімді инвесторлық жобалар көрсетілетін болады», - деді С.Мусинова.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!