АСТАНА. 21 ақпан. BAQ.KZ – Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде емделушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық Кеңестің отырысын өткізді. Отырыста вице-министр Б.Төкежанов «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес медициналық техникаларды жеткізудің лизингілік жүйесін енгізу мақсатында құрылып, отыр деп мәлімдеді.
«Сатып алу үрдісі орталықсыздандырылған медициналық мекемелерде қазіргі кезде 5 млн. теңгеге дейінгі құрал-жабдықтарды ауруханалардың өздерінің сатып алуына, 5 млн.-нан 50 млн. теңгеге дейінгі техникаларды лизинг жүйесімен сатып алуға мүмкіндік береді. Техника жұмыс істемей тұрмауы тиіс деген шарт орындалған жағдайда медициналық техника денсаулық сақтау ұйымының таңдауымен сатып алынады. Тек бірегей, бағасы қымбат, жоғары технологиялық медициналық қондырғылар ғана республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алынады», - деді Б.Төкежанов.
Төрайымның айтуынша, бүгінгі таңда лизингтік қызметтердің бәсекелестік нарығында медициналық техниканы лизигке сатып алуда ешқандай шектеулер жоқ.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!