Медицина қызметкерлерінің 80 пайызы қайта оқудан өтті - Ұлт саулығы|30 Қыркүйек 2014, 17:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Медицина қызметкерлерінің 80 пайызы қайта оқудан өтті

Астана. 30 қыркүйек. Baq.kz – Медицина қызметкерлерінің 80 пайызы қайта оқудан өтті.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ана мен бала денсаулығына қатысты брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Мағрипа Ембергенова мәлімдеді.

 

- Бүгінгі күні 248 клиникалық хаттама халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, бекітілген. Осыған сәйкес медицина қызметкерлері оқытылып, медициналық ЖОО-да жұмыс және оқу бағдарламалары өзгертілді. Медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби білімі жүйесін енгізу үшін тиімді перинатальдық көмек жөнінде үйлестіру орталығы құрылды. Бүгінгі күні республикалық бюджеттік бағдарлама аясында соңғы 5 жылда 2500 гинеколог, 3000 акушер, 1000 педиатр және перинатальді және ультродыбысты диогностика мамандары, жалпы практиканың 7000-ға жуық терапевттері мен дәрігерлері қайта оқытылды. Ал соңғы 3 жылда заманауи технологияларды үйретуге шетелге 1000-ға жуық мамандарды оқыттық. Аталған технологиялар бойынша медицина қызметкерлерінің 80 пайызы оқытылды, - деді М.Хамитқызы.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер