Астана. 5 маусым. Baq.kz - Қызылша ауруын жұқтырғандардың басым бөлігі екпе алмаған ересек адамдар. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр
- Сырқаты мазалап, дәрігерге жүгінгендер саны азаймай отыр. Жұқпалы аурулар ауруханасының екінші бөліміне күніне үш науқасқа дейін қызылшамен ауырғандар жатқызылып жатыр. Қала мен аудан бойынша аурулар жайлы мәлімет берер болсақ, Ақтау мен Мұнайлы аудандарында қызылша жұқтырған тұрғындар көп, - деді облыстың бас штаттан тыс инфекционисті Гүлбану Нұржанова.
Инфекция ауа тамшылары арқылы таралады. Оған алдымен ауруға қарсы екпе егілмеген иммунитеті әлсіз азаматтар бейім келеді.
Дәрігерлердің айтуынша, қызылша жұқтыру деректері биыл наурыз айынан бастап, тіркеле бастаған. Маңғыстау тұрғыны қызылшаны Астанадан келген қонақтан жұқтырған.
Бүгінгі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында алты есерек адам ем қабылдауда.
Сондай ақ, өңірде жыл басынан бері өкпе қабынуы, бронхит секілді аурулар көбейген көрінеді.
Жалпы, Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда биыл соңғы төрт айда 2,5 есеге көбейген. ҚР тұтынушылар құқын қорғау агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытқа дейін 140 адам қызылшамен ауырған
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!