АСТАНА. 4 наурыз. BAQ.KZ – Елордада наурыз бойы «Туберкулезді тоқтат!» ұранымен туберкулездің алдын алу айлығы өтеді. Бұл туралы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
АСТАНА. 4 наурыз. BAQ.KZ – Елордада наурыз бойы «Туберкулезді тоқтат!» ұранымен туберкулездің алдын алу айлығы өтеді. Бұл туралы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Ісшара 24 наурызда барша әлемде аталып өтілетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында өткізіледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, туберкулез өлімге әкелетін аурулар жағынан СПИД, Вич тен кейінгі екінші орынды алып тұр екен. Десе де, статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын құрт ауруына шалдыққандар саны біртіндеп төмендеп келеді.
2013 жылдың қорытындысы бойынша Астанада туберкулезге шалдығу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 74,9 құрады. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 32,8% төмен.
Айта кетейік, елордада бұл сырқаттан көз жұму жағдайлары 47,6% кеміп, 100 мың адамға шаққанда 3,4 % құрады.
ҚР ДМ Туберкулез мәселелері Ұлттық орталығының хабарлауынша, 2013 жылы аталған ауруға шалдығу көрсеткіші 10%, ал өлім-жітім 24,3% төмендеген.
Бірақ, туберкулезден болатын ауру мен өлім мәселесі елімізде әлі де өзектілігін жойған жоқ. Әсіресе, туберкулез мигранттар, жазасын өтеушілер мен әлеуметтік қорғалмаған топқа жататынтардың өліміне себепкер болып отыр. Елімізде туберкулезге шалдығу, профилактикалық және науқаспен байланысты болған тұлғаларды тексеру кезінде құрт ауруының «жұқпалы» формаларын көбінесе жасөспірімдерден анықтау деңгейі жоғары болып отыр.
Сондықтан, қазіргі уақытта елімізде туберкулезді тез анықтау бойынша зертханалық технологиялар енгізілді, бұл дәрі-дәрмектерге сезгіштікті тексеру тестін жасаумен 98,2% қамтуға мүмкіндік береді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!