Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында менингококк инфекциясы тарағаннан бергі, яғни 2018 жылдың басынан бергі жағдайды жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында менингококк инфекциясы тарағаннан бергі, яғни 2018 жылдың басынан бергі жағдайды жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бастап менингококк инфекциясының 63 жағдайы тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 2 адам, 48 адам шығарылған және 13 жағдай өліммен аяқталды. Олар - Алматы қаласында – 6 адам, Алматы облысында – 3 адам, Оңтүстік Қазақстан облысында - 3 адам және Қызылорда облысында – 1 адам" - делінген хабарламада.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.
Профилактикасы
Катаралдық белгілері (тамақ қызару, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік) бар аурудың алғашқы симптомдары пайда болған кезде қаланың инфекциялық аурулар стационарларының қабылдау бөлімдеріне немесе жақын жердегі емдеу мекемесіне жүгіну қажет.
Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.
Ұйымдастырылған ұжымдарда бөлмелерді жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу керек.
Созылмалы инфекциясы бар ошақтарға санациялау жүргізген маңызды, балаларда бұл көбіне ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан балалар оториноларингологына жиі бару және мүмкіндігінше профилактикалық түрде болуы керек.
Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолдану қажет.
Суықтау, ашығу, ұйқының қанбауы, стресс және т.б. болдырмау қажет.
Ауруды емдегеннен оның алдын алған әлдеқайда жеңіл екендігін әрқашан есте сақтау қажет!
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!