Кеңес отырысында жастардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға мемлекет көп көңіл бөлетіні атап көрсетілді. Бұл мақсатта республика бойынша Жастардың денсаулық орталықтарының желілері дамытылуда. Бүгінгі таңда республика бойынша 83 Жастардың денсаулық орталықтары ашылып, жұмыс істеуде. Еріктілік, қолжетімділік, ізгіниеттілік және сенім сияқты 4 «Д» қағидаттарына негізделген бұл орталықтар кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетеді. Тек 2013 жылдың ішінде Жастардың денсаулық орталықтарына 227 мыңнан аса адам жүгінген.
Жастар ұйымдарының жетекшілері өз кезегінде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, бұл салада ақпараттық-насихат жұмыстарының жеткіліксіздігіне назар аударды. Осыған байланысты, жастар салауатты өмір салтын қалыптастыру қағидаларымен әлеуметтік желілер, жастар арасындағы пікірталастар, ресурстық орталықтар және т.б. амалдар арқылы кеңінен ақпараттандыру жұмысына белсенді қатысуға ниет білдірді.
Кеңес қорытындысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын қабылдады. Кеңестің келесі отырысын Қарағанды мемлекеттік медицина университеті базасында өткізу жоспарланып отыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!