Қостанайда операциялардың 98%-ы арнайы аппараттын көмегімен жасалады - Ұлт саулығы|27 Мамыр 2014, 12:21
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қостанайда операциялардың 98%-ы арнайы аппараттын көмегімен жасалады

Қостанай қалалық ауруханасы соңғы жылдары лизинг бойынша құны 50 млн теңгеден асатын 4 бірдей құрылғы алды.
 

Соның бірі урология бөлімшесіне бұйырды. Қазір аймақта бүйрегінде тасы бар науқастарға операциялар пышақсыз әрі тегін жасалады. Жанділдә Сүйіндіковтің ауруханаға жатқанына 6 күн болды. Бүгін-ертең 75 жасар қарияның қуығына операция жасалмақ. Ақсақал бұған дейін де пышаққа түскен. Әйтсе де бұл жолы көңілі орнықты. Өйткені ауруханадағы соңғы жаңалықтардан әбден хабардар.
Жанділдә Сүйіндіков, емделуші: - Емдеп, операцияға дайындап жатыр. Егер жасалатын болса жаңа аппарат пайдаланады екен. Онымен таныстырды, кітабын қарап шықтым. Істейтін боп шешсе, мен келісімімді беремін. Бұрындары бүйрек, өт, қуығына тас байланған науқастарға операция істеу үшін денесін тілуге тура келетін немесе шетелге жіберілетін. Қазір бәрі қалалық ауруханада жасалады. Бейнеэндоскопиялық аппарат науқас денесін ауыртпай-ақ кеселді үгітіп жібереді. Оған бар-жоғы 1 сағатқа жетер-жетпес уақыт жарап жатыр.
Сұлтан Тұтқышов, уролог: - Қазір операциялардың 98%-ын арнайы аппаратпен істейміз. Бүйрек, несеп жолында пайда болған тастарды үгітеміз. Тастын көлемі үлкен болып, қиын жерде орналасса, наркоз пайдаланамыз. Бұған дейін науқастар операциядан соң айлап ауруханада жатып, жылдап күтінетін. Қазір ол машақат ұмтылды. Бірнеше күн бақылауда болғаннан кейін, аяғынан тұрып, еңбекке араласып жатқандары да бар. Бүйрегіндегі тасты алдырып, жүрегі орнына түскендердің бірі – Анна Зырянова. Анна Зырянова, емделуші: - Бүйрегіңде тас бар дегенде мен операция жасайды, денемді тілгілейді деп уайымдадым. Жаңа жабдықтың арқасында одан аман қалдым. Наркоз да салған жоқ.Еш ауыртпады. Ең бастысы, жаныма батпайды, қан да аққан емес. Операция залынан шығып, шамалы демалған соң жүріп, тамақ іше бастадым. Салыстырмалы түрде алсақ, әлем халқының 2-5%-ының өт, несеп жолдарына тас байланады екен. Біздің елімізде бұл көрсеткіш жоғары. Бейнеэндоскопиялық жабдыққа қол жеткен аз уақытта, қалалық аурухана хирургтері жүзден астам науқасқа пышақсыз операция жасап үлгіріпті. Кезекте тұрғандардың саны әлі де көп екендігін айтты ақ халаттылар. Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедьяров

  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер