BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көкшетаулық жастар аутизмге шалдыққан жастарды қолдауға шақырды

Фото: Автор

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпараттарды тарату күні аясында көкшетаулық жастар ұйымдары «Аутизмді жеңуге болады!» акциясын ұйымдастырып, әуеге көк түсті шарлар ұшырды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтық тілшісі.

Шараға жастар ұйымдарының жетекшілері мен оқу орындарының студенттері қатысты.

«Жалпы, көк түс бүкіл әлем бойынша аутизмнің түсі болып бекітілген. 2008 жылдан бері 2 сәуір Дүниежүзілік аутизм проблемаларына туралы ақпарат тарату күні белгіленген. Жыл сайын дәл осы күні бүкіл әлемде ірі қоғамдық ұйымдар көк түсті киім киіп, ғимараттарды көк түске бояп, халықты аутизм проблемасына бейжай қарамауға шақырады. Аутизммен ауыратын жандарға қоғамнан қолдау, әлеуметтік көмек керек», – дейді «Dream» қоғамдық бірлестігінің белсендіні Аспандияр Ысмағұлов.

Аутизм – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болуы. Іштей сарыуайымға салынуы, әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың толықтай үзілуі.

«Мұндай кеселмен ауыратын балалардың арасында музыкаға, математика, компьютерлік технологияға қабілеті жоғарылар көп кездеседі. Ақпараттың дұрыс таралмауынан көп адамдар аутизмге шалдыққан балалардың жан-дүниесін түсіне бермейді. Мұндай балалар ерекше қамқорлықты қажет етеді»,–дейді «Жаңа толқын» қоғамдық бірлестігі Арман Сұңғатов.

Жоба қатысушыларының ақпараты бойынша қазіргі таңда әлемде өмірге келген әрбір 68-ші бала аутизммен ауырады екен. Олардың саны жыл сайын 13 %-ға артып отырғаны алаңдатады.

«Ата-аналардың көпшілігі ондай баламен қалай жұмыс істеуді білмейді, ал жергілікті жерлерде мамандардың көбі аутистермен жұмыс істеуге дайын емес. Бұл дерттің салдарынан жүздеген емес, мыңдаған бүлдіршіннің тағдыры қыл үстінде тұр. Елімізде бұл кеселді емдейтін психиатрлар тапшы. Дәрігерлер тек кеңес берумен шектеледі. Мұның соңы балалардың өсе келе әлеуметтік ортаға бейімделуін қиындатады», – дейді «Думан» педагогикалық жасағының мүшесі Елжас Омаров.

Акция барысында аутизм дерті жайлы жан-жақты ақпарат, науқастарды қоғамға бейімдеу жолдары айтылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер