Қоғамдық денсаулық сақтау қызметi ұлт саулығының сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi - Бiртанов - Ұлт саулығы|25 Сәуір 2017, 11:03
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметi ұлт саулығының сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi - Бiртанов

Фото: Шыңғыс Қаппаров

ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов бүгiнгi Үкiмет отырысында қоғамдық денсаулық сақтау қызметiн құру туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Үкiмет мүшелерiнiң алдында сөз сөйлеген Бiртанов 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттiк бағдарламасының басым бағыттарының бiрi - қоғамдық денсаулық сақтау қызметiн құру дейдi.

«Соңғы жылдары Қазақстанда жалпы шығындардың 95-96 пайызын құрайтын инфекциялық емес созылмалы ауруларға, яғни жүрек-қан тамыр және қатерлi iсiк аурулары, созылмалы респираторлық аурулар, диабет және т.б. бөлiнетiн шығындардың өсiмi байқалады. Қоғамдық денсаулық үлгiсi ауруды емдеу әрекеттерiн олардың алдын алуға және басқаруға ауыстыру мүмкiндiгiн бередi», - дедi Бiртанов.

Министрдiң айтуынша, қоғамдық денсаулықтың мақсаттарына жету сектораралық өзара iс-қимылмыз мүмкiн емес. Ол үшiн орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың, ҮЕҰ мен бизнес-қауымдастығының қатысуы талап етiледi. Азаматтардың денсаулығын қорғау жөнiндегi Ұлттық Үйлестiру Кеңесi ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз етуде негiзгi орган болып табылады.

Атап өтсек, қоғамдық денсаулық сақтау - бұл қоғам арқылы қабылданатын ұйымдастырылған iс-қимыл арқылы денсаулықты нығайту және өмiр сүру жасын ұзарту, аурудың алдын алу ғылымы мен тәжiрибесi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
21 Қараша 2018, 09:48
Сіз қанша қант «ішесіз?»
Пікірлер