Қоғамдық көліктермен жүруде гельминтоз ауруын жұқтыру ықтималдығы жоғары - Ұлт саулығы|21 Қыркүйек 2014, 16:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қоғамдық көліктермен жүруде гельминтоз ауруын жұқтыру ықтималдығы жоғары

 Астана. 21 қыркүйек. Baq.kz – Қауіпті ауруларды жұқтырып алу ықтималдығы бірнеше есе жоғары қоғамдық көліктерде жүруден соң қол терісінің үстіңгі қабатын залалсыздандыру қажет. Осындай сақтану шараларын орындамау салдарынан елімізде гельминтоз ауруы жиі тіркелуде дейді Павлодар облыстық жұқпалы эпидемиологиялық қадағалау бөлімі басшысының маманы Г. Шақарова.

 Оның айтуынша, гельминт немесе паразиттік құрттармен жұқтырылатын бұл ауру адам организміне тағамдар, су немесе кір қолдар арқылы жұғады. Сонымен бірге ластанған топырақпен, сулармен адамның жақын болуынан тері арқылы енеді немесе тасымалдаушылардың рөлін орындайтын қансорғыш шыбын – шіркейлері көмегімен де жұғып жатады.
Гельминт құрты адам ағзасына өткен кезде, органдарда және жүйелерде механикалық улы заттар және тотығып бітпеген өнімдермен улану әсерінен, яғни реакция (қабыну) береді. Кей жағдайда қалтырау, терінің қышуы, буын және бұлшық еттер ауруына жалғасады. Құрттар адам организмінде ішектерде,бауырда,өт қабында, күре және сөл тамырында өмір сүреді. Адамдар бір мезетте бірнеше гельминттермен зақымдануы мүмкін. Мамандар қолды жуу мүмкіншілігі болмаса, қолға арналған арнайы дезинфекциялық құралдарды қолдану керектігін айтады.
Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының деректері бойынша паразитті ауруларымен әлем халықтарының тең жартысы зақымдалған. Біздің республикамыздың өзінде энтеробиоз, гименолепидоз, аскаридоз, трихоцефалез, эхинококкоз, описторхоз, тенииодоз, трихинеллез және т.б. үнемі тіркеліп отырады.

Ая ӨМІРТАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер