BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызылорда облысында сәби өлiмi 28 пайызға азайған

Елiмiзде туу көрсеткiшi жоғары, сонымен қатар сәби өлiмi жиi кездесетiн Қызылорда облысында бала өлiм-жiтiмi төмендеген. Бұған патронажды медбикелер қызметiнiң енгiзiлуi септiгiн тигiзген. Елордадағы конференцияда Baq.kz тiлшiсiне берген сұхбатында Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова осылай айтты.

2016-2017 жылдары Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жүктi әйелдерге және 5 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға патронаж қызметтерiн көрсетудiң жаңа үлгiсi енгiзiлдi. ЮНИСЕФ және Денсаулық сақтау министрлiгi ұйымдастырған жиында мамандар жаңа үлгi апробациядан сәттi өткенiн айтты.

«Қызылорда облысы Қазақстан бойынша жоғары туу көрсеткiшiне ие, бiз алдағы бестiктiң қатарындамыз. Алайда, сонымен қатар сәби өлiмiнiң көрсеткiшi бiздiң өңiрде өте жоғары болып келедi. Сол себептен 2015 жылдың соңында ЮНИСЕФ қоры, Қызылорда облысы әкiмдiгi мен Денсаулық сақтау министрлiгi арасында бiрлескен келiсiм бекiтiлiп, патронажды жобаны енгiзу туралы шешiм қабылданды. Патронажды жобаның негiзгi мақсаты - медициналық проблемаларды анықтап, оларды жою ғана емес, медицина мен әлеуметтiк жағдайды бiрге алып жүру. Мәселен, бұл қызмет жұмысқа тұрғызу, балаларды балабақшамен қамту, оралмандар проблемасын шешу, туудың алдында және туғаннан кейiн әйелдердiң күйзелiске түспеуiне жағдай жасау сияқты әлеуметтiк мәселелердi де қамтиды», - дейдi Әлназарова.

Маманның айтуынша, облыста бұл салада үш iрi емхана белгiленiп, солардың орта буын медицина қызметкерлерi патронажды қызметтi қалай жүргiзу керектiгiн үйренген. Басқарма басшысы бұл жобаны тұтастай Қызылорда облысында енгiзуге дайынбыз дейдi. Себебi, екi жылда модель енгiзiлген 21 аймақта (участок) сәби өлiмi 40 пайызға төмендесе, облыс бойынша 2017 жылдың 11 айының қорытындысына сәйкес, сәби өлiмi 28 пайызға төмендеген. Оның iшiнде үй жағдайындағы бала өлiмi едәуiр азайған. Ал, ана өлiмi жоқ.

«Бұл ретте бiз ата-аналарды үйрету, әсiресе әкелердi сәбилерге баулу мәселесiнiң аса маңызды екенiн көрiп отырмыз. Сондай-ақ, бiз бүкiл облыс бойынша 18 ресурстық кабинет аштық. Бұл кабинет жүктi әйелдер мен жас аналарды дұрыс тамақтандыруға, баланы дұрыс күтуге және тағы басқаға үйретедi. Осы жұмыс та өз нәтижесiн көрсетiп жатыр. Қызылорда облысында орташа алғанда жылына 19 мың сәби дүниеге келедi. Сәби өлiмiне келсек, 2015 жылдың қорытындысына сәйкес, 1 мың тiрi туған сәбидiң 13-14-i дейiн шетiнейтiн. Ал, 2016 жылдың қорытындысына сай, көрсеткiш 10 балаға дейiн төмендедi, қазiргi таңда көрсеткiш 8,5 баланы құрап отыр», - дедi Ақмарал Әлназарова.

Басқарма басшысының айтуынша, үйге барып қарау, яғни патронажды қызмет пен ресурстық кабинеттер баланың жан-жақты дамуына, оның жарақат алуын азайтуға, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға септiгiн тигiзедi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер