Қырым қанды безгегі таралуы мүмкін деген қолайсыз елдімеккендер саны артып отыр - Ұлт саулығы|14 Наурыз 2014, 11:32
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қырым қанды безгегі таралуы мүмкін деген қолайсыз елдімеккендер саны артып отыр

Астана. 14 наурыз. Baq.kz – Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аса қауіпті және карантинді инфекцияларын қадағалау бөлімінің жетекшісі Мира Боранбаеваның айтуынша, 2013 жылы облыс бойынша ҚҚГБ-мен 98 қолайсыз елдімекен бақылауға алынса, биыл олардың саны 116 ға жеткен. Қазіргі таңда облыстың барлық ауданы мен Қызылорда қаласы Қырым қанды безгегінің табиғи ошағына айналған. Өйткені, аймақтың барлық жерінде кене бар. 

2014 жылы эпидемияға қарсы елдімекендердің айналасында санитариялық қорғаныш және буферлік аймақтарын әзірлеу, мал және мал қора-жайларын кенеге қарсы өңдеуге облыстық бюджеттен 83 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Ал, Қырым қанды геморрагиялық безгегі анықталуы мүмкін деген елдімекендерде санитарлық қорғаныс аумағын құру үшін 30 млн теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ, кене шаққан адамдарға уақытында жедел медициналық көмектесу, зертханалық диагностикалау, ауруханаға жатқызу және емдеу, кешенді іс-шараларды күшейту туралы нақты тапсырмалар берілген.

18 наурыздан бастап санитарлық дәрігерлер кешенді іс-шаралар жұмысын Жаңақорған мен Шиелі аудандарында жүргізбек. Ал, өзге елдімеккендерде мұндай жұмыстардың кеш басталуы мемлекеттік сатып алу байқауларына байланысты болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, алдағы эпидемиялық маусым жайсыз болмақ. Өйткені, күзде негізінен бұл аймақта жыныс мүшелері жетілген ірі кенелер кездескен. Дәл осы кенелер мал мен адамдарды шағуы мүмкін.
"Табиғатқа кенелер жаппай шықпай тұрғанда аймақта санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу керек. Егер кене шақса, лезде дәрігерге көрініңіз," - дейді М. Боранбаева.

Жалпы 2013 жылы Қызылорда облысында қырым қанды гемморагиялық қызбасының үш жағдайы тіркелген. Оның біреуі адам өлімімен аяқталды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер