Астана. 5 наурыз. Baq.kz – Аккредиттеу саласындағы мамандарды даярлау жөніндегі қазақстандық оқу бағдарламасы халықаралық құрметке ие болды
Астана. 5 наурыз. Baq.kz – Аккредиттеу саласындағы мамандарды даярлау жөніндегі қазақстандық оқу бағдарламасы халықаралық құрметке ие болды
Бұл туралы «Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау жобасының жүзеге асырылу барысы және 2014-15 жж. мақсат-міндеттер» тақырыбында Астанада өтіп жатқан семинар барысында айтылды. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Аккредитация орталығының мәліметіне жүгінсек, 2012 жылы Дүниежүзілік банктің «Технологияларды беру мен денсаулық сақтау секторында институционалды реформа жүргізу» жобасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу мәселелері жөніндегі оқу бағдарламасы әзірленген.
2013 жылы Аккредиттеу орталығының мамандары оқу бағдарламасына баға берді, техникалық бағалау мақсатында нәтижелері Денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша халықаралық қоғам (ISQua) сарапшыларына халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау үшін ұсынылды.
Жыл сайын қазақстандық делегация ISQuа халықаралық конференциясының жұмысына қатысады. Оның негізгі мақсаты - денсаулық сақтау саласында көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жетілдіру мақсатында ой, білім және тәжірибе алмасу.
2013 жылдың соңында ISQua-ның кезекті 30-конференциясы Эдинбург (Шотландия) қаласында болып өтті. Таңғы пленарлық отырыста конференцияға қатысушылар қазақстандық делегацияны, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығынан келген делегаттарды аккредиттеу стандарттарын әзірлеуде және жетілдіруде жеткен табыстары үшін құттықтады.
Жуырда, ДСДРО Аккредиттеу орталығы ISQua-дан халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сай келетін аккредиттелген оқу бағдарламасы үшін құттықтау мен сертификаты бар ресми хат алды.
Оқу бағдарламасы сертификаты 2017 жылға дейін жарамды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!