Қазақстанда электронды денсаулық паспорттары енгізіледі - Ұлт саулығы|04 Наурыз 2014, 22:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстанда электронды денсаулық паспорттары енгізіледі

Бұл туралы бүгін журналистер сауалына жауап берген Грецияның медициналық ақпаратты басқару, стандарттау және реттеуіш базасы мәселелері бойынша кеңесшісі Димитрис Калогеропулос мәлімдеді.
 

«Медицинаның сандық кезеңінде денсаулық сақтау саласы саясатын басқару және қалыптастыру мәселелеріне де сандық тұрғыдан қарау керек. Бұл ретте медициналық технологиялар трансферті мен институттік реформалар қажеттілігі туындайды. Бүкіл әлемде солай. Ал, бұл тұста ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан реформа мен технологиялар трансфертінің кешенді бағдарламасы қолға алып отыр. Министрлік қазір халықаралық стандарттарға негізделген Ұлттық электронды денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Осы стандарттар негізінде электронды денсаулық паспорттары әзірленетін болады. Ол өз кезегінде үздіксіз медициналық қызмет көрсетуге, уақытылы ақпаратпен алмасып отыруға мүмкіндік туғызады» деді Димитрис Калогеропулос.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласында министрліктер мен ведомстволар, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестер қатысуымен болған «Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау жобасының жүзеге асырылу барысы және 2014-15 жж. мақсат-міндеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында жобаның 2009-2013 жж. қорытындылары жасалып, алдағы 2014-2015 жж. іс-шараларын жүзеге асыру жайы талқыланды. Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Халықаралық Банктың миссиясы шеңберінде ұйымдастырылды.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер