Қазақстан жоғары технологиялық жүрек отасынан 22 елдің құрамына кірді - Ұлт саулығы|24 Қыркүйек 2014, 16:08
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан жоғары технологиялық жүрек отасынан 22 елдің құрамына кірді

 Астана. 24 қыркүйек. Baq.kz – Қазақстан ашық жүрекке бірегей, жоғары технологиялық ота жасайтын әлемдегі 22 елдің құрамына кірді. Олардың ішінде ең ерекшесі жасанды жүрек қарыншасын импланттау әдісі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі Ұлттық орталық директоры Жәмиля Баттакова мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

 -2011 жылдың қараша айынан бастап 2014 жылдың маусымына дейін барлығы 124 науқасқа осындай күрделі ота жасалды. Бүгінгі күнге дейін елімізде жүректі трансплантациялаудың жеті отасы сәтті жасалды,-дейді ол.
Сонымен бірге жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісі «Бүкіләлемдік жүрек күніне» байланысты, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрығына сәйкес, 22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қазақстанда жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуға арналған онкүндік өтеді. Осы шаралар аясында ақпараттық насихат жұмыстары жүреді, емханаларда ашық есік күндері, скринингтік бағдарламалар ұйымдастырылып жатқанын да атап өтті.

Ая ӨМІРТАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер