Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Қазақстан нарығы әлемдік үздік медицина техникасын өндірушілер үшін ашылатын болады, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ҚР ДСМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Қазақстан нарығы әлемдік үздік медицина техникасын өндірушілер үшін ашылатын болады, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ҚР ДСМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Мамырда Мюнхен қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен товар Еуропалық нарыққа түскен кезде міндетті болып табылатын Еуропалық сапа сертификатын (CE таңбалау) беретін TUV SUD Product Service GmbH компаниясының арасында өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.
Келісімде медициналық техниканы шығару сапасын бағалау кезінде тәжірибемен, медициналық техниканы тіркеу және TUV SUD Product Service GmbH сертификаты болған кезде медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағында жеделдетіп тіркеу саласындағы ақпаратпен алмасу жолымен медициналық техниканың айналымы саласындағы екі жақты ынтымақтастық көзделген.
TUV SUD Product Service GmbH сертификаты бар медициналық техника үшін 5 жұмыс күні ішінде жеделдетіп тіркеу жүргізілетін болады, бұрын бұл мерзім 120 күнді құраған болатын.
Бұл шара медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу процедурасын жетілдіру мақсатында, сондай-ақ медициналық ұйымдардың инновациялық медициналық техникаға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!