Қазақстан қатерлі дертке шалдыққандарды 88%-ға дейін тегін емдейтін жалғыз ел - Ұлт саулығы|22 Қыркүйек 2014, 11:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қазақстан қатерлі дертке шалдыққандарды 88%-ға дейін тегін емдейтін жалғыз ел

 Астана. 22 қыркүйек. Baq.kz – ҚР Премьер-министрінің адам дамуы жөніндегі сұрақтары бойынша орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова іс-сапармен Алматыға келіп, медициналық мекемелерді аралады. Ал Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына арнайы келіп, онкологтармен кездесу өткізді деп хабарлайды Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз орталығы.

 Кездесу барысында отандық онкологияның бүгінгі жай-күйі мен дәрігерлерді мазалаған мәселелер кеңінен талқыланды.
Институт директоры Қуаныш Нұрғазиев өзінің баяндамасында еліміздегі онкология қызметінің бүгінгі жетістіктерімен қатар, кем-кетіктерін, толмай жатқан кемшіліктерін де айтты. Әсіресе, білікті мамандардың тапшылығы, олардың санын көбейту жайы қозғалды. Бас онкологтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін арнайы жоспар бойынша онкология иститутына жас резиденттерді қабылдау жұмысы жүргізілген.
«Қазақстан қатерлі дертке шалдыққан науқастарға көмек көрсетуден алда тұр. Қазақстан қатерлі дертке шалдыққан науқастарды 88%-ға дейін тегін емдеп, тегін дәрі-дәрмек беретін, науқастарға қол ұшын созатын жалғыз мемлекет» , - деді Қуаныш Шадыбайұлы. Алайда халықтың өз денсаулығына бей-жай қарап, аурудың алдын алуға асықпауы онколог мамандардың жұмысын қиындатып отыр дейді ол.
Себебі, қатерлі ісікті алғашқы сатысында емдеген науқас үшін тиімді болмақ әрі дәрігердің науқасқа көмектесу мүмкіндігі де көп болады.
«Өкінішке қарай, біздің халық ауруы асқынып, барар жері, басар тауы қалмаған кезде ғана дәрігерге келеді. Ал қатердің алдын алып, денсаулығына алаңдап, тексерілуге келетіндер өте аз. Көпшілігі алдын ала сақтанып, скрининг жасауға құлықсыз. Жалпы скринигтің маңызын түсіне бермейді. Денсаулық мәселесінде асықпайды. Ал өздеріңіз білесіздер, қатерлі ісікті алғашқы сатысынан бастап емдемесе болмайды», - деп халықтың денсаулығын күту мәдениеті тым төмен екенін айтты.
Сонымен қатар еліміздегі онкоқызметтің сапасын арттыру мен отандық онкология жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныстарымен де бөлісті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер