Қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 11 пайызға төмендеген - Ұлт саулығы|11 Маусым 2014, 15:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 11 пайызға төмендеген

2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмек көрсетуді дамыту бағдарламасы аясында қабылданған шаралардың барлығы өз нәтижелерін беруде. Бүгінде елде қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 11 пайызға төмендеді. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрі хабардар етті. 
 

«5 өңіраралық орталық құру кесте бойынша жүріп жатыр. Астанада ғылыми орталықтың құрылысы Назарбаев университеті басқаруымен салына басталды. Бүгінгі күннің басты міндеті - аурудың соңғы сатысында хирургиялық түрде емдеуді ерте кезеңінде анықтап, кіші инвазивтік онкологияның жоғарғы технологиясымен емдеуге көшу болып табылады»,- дейді Салидат Қайырбекова.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бұл күнде 146 мың науқас тіркелген онкологиялық аурулардың ұлттық тізімі жасалған. Қатерлі ісіктің барлық түрлері бойынша емдеудің халықаралық стандарттары енгізіліп, шетелдің озық онкодиспансерлермен ынтымақтастық орнатылған. Мәселен, Питсбург (АҚШ), Густава Русси (Франция), Оңтүстік Корея онкодиспансерлерімен тәжірибе алмасу жайлы келесімдер жасалған. Бұл орталықтарда 2 жыл ішінде 300-ден астам отандық маман оқытылған.

Сондай-ақ, жарақаттар, жазатайым оқиғалар мен уланудан болатын өлім-жітімді азайту үшін ашылған 19 ауданаралық травматология бөлімшесі жұмыс істеуде.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер