Қатерлі ісікке шалдыққандар арт-терапия арқылы емделуде - Ұлт саулығы|11 Наурыз 2014, 11:26
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қатерлі ісікке шалдыққандар арт-терапия арқылы емделуде

Астана. 11 наурыз. Baq.kz – Семей аймақтық онкологиялық диспансеріндегі қатерлі ісікке шалдыққан 60 науқастың күйзеліс жағдайынан шығуына арт-терапия көмектесіп жатыр. Жоба ҚР Тұңғыш Президенті қорының қайырымдылық көмегімен жүзеге асып отыр. 

«Сенің таңдауың» атты онкологиялық аурулардың арт-терапия жобасы өткен жылдың маусым айында аймақтық қатерлі ісікке қарсы диспансерде қолға алынды. Осы уақыт аралығында онкопатологиясы бар 60 әйел арнайы емдеу курсынан өткен. Олардың көбінде омырау қатерлі ісігі, жатыр мойны обыры болған.

«Науқастардың жастары да әр қилы 37 ден 75 жасқа дейінгілер. Олардың арасында дәрігер де, мұғалім де, қаржыгер де, жұмыссыз бен зейнеткер де болды», - дейді диспансер өкілі Динара Сүлейменова.

Емдеу курсы 12 дәрістен тұрады. Науқастар күндізгі ем-дом аяқталған соң, түстен кейін арт-терапия өтеді. Бір жарым сағатта психологпен жұмыс істеп, олар тігу, тоқуға кіріседі.

Әрине, барлығы науқастың химия, сәулелік терапиядан кейінгі жағдайына байланысты. Өйткені, ауыр процедуралардан соң, олардың жұмыс істеуге құлқы да, халі де болмайды.
«Жұмыс енді басталғанда науқастың әрқайсысымен күйзелістің түрлі деңгейіне байланысты психодиагностика жасадық. Арт-терапия басында 70% әйелдің жоғары және орта деңгейлі күйзеліс пен хал-жайының нашарлығын көрсеткен. Жұмыс соңында олардың жағдайының жақсарғанын байқадық», - дейді Динара Сүлейменова.

Дәрігерлер арт терапияның науқастар саулығына оң әсер еткенін де айтып отыр.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер