Астана. 12 наурыз. Baq.kz – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 680 адам тұратын Калачи ауылындағы жағдай 2013 жылғы наурыз айында алғашқы науқас аурухана түскен сәттен бастап ерекше бақылауда екенін хабарлайды.
Астана. 12 наурыз. Baq.kz – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 680 адам тұратын Калачи ауылындағы жағдай 2013 жылғы наурыз айында алғашқы науқас аурухана түскен сәттен бастап ерекше бақылауда екенін хабарлайды.
Өткен уақыт ішінде бас айналу, ұйқышылдық, үйлесімнің бұзылуы сияқты жалпы ауру белгілерімен 33 науқас облыстың емдеу ұйымдарына жүгінген. Ауру белгілері өтпелі сипатта болып, 2-3 күненн соң науқастар өздерін жақсы сезінген. Жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты емес. Симптомдар негізінен наурыз-мамыр айларында байқалды. Әрбір жағдайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми орталықтары мен комитеттері, ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі агенттігі мамандары кірген арнаулы комиссия жеке қарады" делінген ҚР ДСМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Комиссия жұмысы барысында 2013 жылы ауа құрамы 500-ге тарта, радиациялық фон 760 рет өлшеніп, азық-түлік, су және адам ағзасына әсер ететін басқа да қоршаған орта факторлары тексеріліп, биологиялық материалдардың (шаш, тырнақ және т.б.) 29 үлгісі зерттелді. Барлық көрсеткіштер шекті нормадан аспайды.
Комиссия жұмысын жалғастыруда.
Зерттеулердің нәтижелері қорытындыланып, мүдделі органдар мен ведомстволарға қосымша ұсынылатын болады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!