BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халықтың полиция мен сотқа деген сенімінсіз бәсекеге қабілетті мемлекет құру мүмкін емес – Елбасы

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында осылай айтты.

«Бізге Тәуелсіздіктің жаңа кезеңінде ақылды экономика, дамыған әлеуметтік инфрақұрылым мен тиімді білім жүйесін құру керек. Еліміздің алға жылжуы үшін құқық қорғау жүйесіне күрделі реформа қажет. Азаматтардың полиция мен сотқа деген сенімінсіз бәсекеге қабілетті мемлекет құру мүмкін емес. Сондай-ақ, біз үшін әлеуметтік саланы кешенді жаңғырту маңызды бағыт саналады. Тәуелсіздік жылдары бір миллионға жуық қазақстандық баспаналы болды. Ал алдағы бес жылда 70 миллион шаршы метр тұрғын үй саламыз. Бұл тағы екі миллионға жуық азаматқа баспаналы болуға мүмкіндік береді», - деді Елбасы.

Президенттің айтуынша, тәуелсіздік жылдары медицина саласы қарқынды дамып, елімізде жасалатын күрделі операция түрлері артқан.

«Қазақстанның адами капиталына қаржы құю ең тиімді инвестициялық стратегия саналады. Сондықтан біз алдағы бес жылда денсаулық сақтау мен білім салаларына көбірек қаржы бөлуді көздеп отырмыз. XXI ғасырда Қазақстанның экономикалық қуаты мен геосаяси ықпалын жас азаматтарымыздың денсаулық деңгейі, интеллектуалдық базасы, креативті әлеуеті, еңбекқорлығы мен отансүйгіштігі анықтайтын болады. Сондықтан, келесі жыл Жастар жылы болып жарияланды. Сіздерді жаңа белестерді бірлесе бағындыруға, мәңгілік елімізді бірге нығайтуға шақырамын. Ұлт мүддесі мен мемлекет мұратын, тәуелсіздік туын әрдайым биік ұстайық», - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, жиында Елбасы Түркістан жайлы «түркі жұртының рухани астанасы лайықты орнын алды» деген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер