Гинеколог-акушер елордадағы жас ананың өліміне қатысты түсініктеме берді - Ұлт саулығы|17 Шілде 2018, 16:33
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Гинеколог-акушер елордадағы жас ананың өліміне қатысты түсініктеме берді

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Гүлназ Досмырзаева елордада №2 перинаталдық орталықта жаңа босанған әйелдің көз жұмуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ия, расында да бұл жыл басынан бері Астанада орын алып отырған төртінші жағдай. 34 жастағы қайта босанушы әйел ағымдағы жылы 15 шілдеде №2 перинаталдық орталыққа келіп түскен. 16 шілде күні ол табиғи жолмен өз күшімен босанған. Босанғаннан кейін оның жағдайы нашарлады. Жас ананы аман алып қалу үшін қаладағы республикалық клиникалардың жетекші мамандары күш салды. Өкінішке қарай, оның жанын алып қала алмадық. Осы жағдай бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен арнайы комиссия құрылып, аталған комиссия бүгін өз жұмысын бастады. Комиссия қорытындысы бойынша қосымша ақпарат хабарланатын болады», - деген бас маман күні кеше Денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратты сөзбе-сөз қайталап берді.

Журналистердің қосымша сұрақтарына жауап беруден бас тартқан спикер, анасынан айырылған сәби дені сау болып туылғанын және қазіргі жағдайы жақсы екенін ғана айтты.

Еске сала кетсек, 16 шілде күні №2 перинаталдық орталықта жаңа босанған жас ана өлімі тіркелген болатын.

Сонымен қатар, бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан біртанов аталған жас ананың қайтыс болуына байланысты түсініктеме берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер