BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ғалымдар адам денесіндегі қартайтпайтын бактерияны тапты

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Шіркейге сынақ жүргізген швейцариялық биологтар иммунитеттің жұмысына және организмнің қартаюына тікелей әсер ететін микрофлораның ғажайып өкіліндерін ашты. Олардың сынақ нәтижесі бойынша қорытындысы Immunity журналына басылып шықты, деп жазады РИА Новости сайты.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, аштық гормоны дене бұлшық еттерінің қартаюын тежейді.

"Біз қартаю жылдамдығына әсер ететін нақты бір микробты және оның өмір сүру дағдысын аштық. Бактериялардың осындай өзге де үлгілері бар екеніне еш күмән жоқ, бұл дегеніңіз микрофлораның қартаюға қалай әсер ететінін және оны қалай басқаруға болатынын одан ары зерттеу керектігін білдіреді", - деді Федералды политехникалық мектептің ғалымы Игорь Яценко.

Яценко мен оның әріптестері анықтағандай, микрофлораның құрамы адам мен жануардың қартаюына күшті әсер ете алады. Ол үшін ғалымдар «өз» бактериясын анықтауға жауап беретін PGRP-SD геніне зақым келтірді. РНҚ-ға шамалы дрозофил енгізілді, ол өз кезегінде пайдалы және қауіпті микробтарды анықтау қабілетінен айырды. Нәтижесінде шіркейдің орташа өмір сүру ұзақтығы күрт қысқарып кетті.

Не себепті бұлай болғанның анықтағысы келген ғалымдар шіркейдің ағзасында «өзінің» және өзге бактерияларды анықтау дағдысының бұзылуының арқасында Lactobacillus plantarum бактерияларының көбейіп кеткенін байқаған. Ол ішектегі РНҚ жасушаларын зақымдап, шіркейдің өлуіне алып келген.

Ғалымдардың пайымынша, бұл көптеген адамдардың өмір сүру дағдысы бірдей болғанына қарамастан өзінің құрдасына қарағанда ертерек қартаятынын түсіндіреді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер