АСТАНА. 26 мамыр. BAQ.KZ - Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының Оқу-клиникалық орталығының негізінде Финляндиядан келген жетекші мамандардың қатысуымен «Неонатальді реанимация», «Жедел жәрдем бригадасының жұмысы» атты тақырыпта екі шеберлік сыныбы өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аталмыш шеберлік сыныбы ана мен бала өлімін төмендету кешенді іс-шараны орындау мақсатында Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен Ювяскюля қаласының Қолданбалы ғылымдар университеті және Қолданбалы университеттер федерациясының бірлестігі туралы Меморандум аясында өткізілген болатын.
Шеберлік сынып барысында жаңа туған нәрестені жансақтандыру бойынша дәрістер, пратикалық тәжірибені құру және жетілдіруге бағытталған симуляциялық құрылғыларды қолдану арқылы практикалық сабақтар өткізілді.
Шеберлік сыныптың мақсаты дәрігерлердің және орта медициналық қызыметкерлердің жаңа туған нәрестелерге тиімді медициналық көмек көрсету және нәресте өлімін төмендету бойынша кәсіби біліктіліктерін жетілдіру.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!