BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Фармкомпанияларға дәрігерлермен «келісуге» тыйым салынады 

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдан бастап фармкомпаниялардың менеджерлеріне дәрігерлермен тікелей байланысуға тыйым салынады. Бұл жөнінде Zakon.kz порталы хабарлайды.

Қазақстандық дәрігелерге фармкомпаниялардың менеджерлерін өз кабинеттерінде қабылдауға тыйым салады. Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері осындай шара қолданбақшы. Белгілі болғандай, сауда өкілдері медицина қызметкерлеріне жеке жолығып, сатылымнан түсетін пайданың белгілі бір пайызын ұсынады. Нәтижесінде, емделушілерге дәрігермен келісіп алған компанияның дәрілері тағайындалады.

«Белгілі бір дәрілік заттардың коммерциялық сыйақы үшін сүйемелденуін болдырмас үшін фармацевтикалық компаниялардың медициналық менеджерлерінің жұмыс күніндегі жұмысын олар дәрігерге келіп, өз тауарларын «тықпалауы» мүмкін болмайтындай етіп шектеп отырмыз. Олар мұны тек жалпыға ортақ конференцияларда ғана жүзеге асыра алады», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой.

Бұл шектеу жаңа 2019 жылдан бастап енгізіледі. Сонымен қатар, едомствода хабарлағандай, халыққа тегін ұсынылатын дәрі-дәрмек толық көлемде сатып алынған. Енді әрбір емделушіге оның тегін препаратты алған-алмағанын растау үшін арнайы хабарлама келетін болады. Егер, медикамент қолда болмаса, хабарлама арқылы жауап беру қажет. Шенеуніктердің айтуынша, бұл кепілдендірілген дәрілерді беру процесін ашық етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер