Еуропа мен АҚШ елдеріне сапарға шығарда қызылшаға қарсы екпе алыңыз - Ұлт саулығы|04 Маусым 2014, 17:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Еуропа мен АҚШ елдеріне сапарға шығарда қызылшаға қарсы екпе алыңыз

АСТАНА. 4 маусым. BAQ.KZ – ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті қызылша инфекциясының ғаламдық таралуына қызылшаға қарсы екпе алмаған әр түрлі елдің азаматтары әуежайларда, халықаралық спорттық, мәдени іскери және ғылыми іс-шаралар өткізілетін орындарда байланысқа түсулері себепші болғандықтан, таяу және алыс шетелдерге, оның ішінде Еуропа және АҚШ елдеріне сапарға шығуды жоспарлаушы тұлғалар қызылша індетіне қарсы екпе алуларына кеңес береді.

Ауруларды бақылау және алдын ала емдеу жөніндегі американдық орталық мамандарының деректері бойынша, 2014 жылдың басынан бастап АҚШ-та қызылша індетімен ауыру күшейіп кеткен.
 
«Америкада жыл басынан бері қызылша жұқтырған 288 жағдай тіркелген. Қызылша індеті 18 штат аумақтарында тіркелген. Індет тіркелген ірі ошақтар: Огайода (лабораториялық түрде расталған індет 138), Калифорнияда (60) және Нью-Йоркте (26)», - дейді ҚР Индустриясы және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.
 
Қызылшамен ауырғандардың жасы - екі айлық баладан 65 жасқа дейінгілер. 40-тан астам адам ауруханаға жатқызылыпты. Науқастардың 90%-ы қызылшаға қарсы екпе алмағандар және иммундық ахуалдары белгісіз тұлғалар болып шыққан.
 
«Індетпен аурудың негізгі себептері: тұрғындырдың қызылшаға қарсы иммундарының төмендігі, оның ішінде халықаралық сапарда жүрген тұлғалардың қызылшаға қарсы екпе алмауы. Инфекциның таралуын және ауыр асқынулардың болуы туралы ескерту үшін дәрігерлер тұрғындарды індетке қарсы белсенді екпе алуға шақырады. Өте қауіпті топқа - жаңа туылған баланың алғашқы айлары жатады»,- делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер