BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еркектер әйелдерге қарағанда 9 жыл аз өмір сүреді – ДСМ

Қазақстанда ер адамдар әйелдерден гөрі 9 жыл аз өмір сүреді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту» республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басты мақсаты - Қазақстан азаматтарының өмір сүру ұзақтығын арттыру. Өкінішке қарай, Еуропаның дамыған елдерімен салыстырғанда қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 8 жарым жылға қысқа. Қазақстанда орташа есеппен адам 72 жас өмір сүрсе, Еуропада бұл көрсеткіш 80,6 жасты құрайды. Енді еркектер мен әйелдердің арасының өмір сүру ұзақтығын салыстырайық. Қазақстанда еркектер әйелдерден гөрі 9 жылға аз өмір сүреді. Қазақстанда еркектердің орташа өмір сүру ұзақтығы 67,5 жас болса, әйелдердікі 76,5 жас», - дейді директор.

Осы орайда Айнұр Айыпханова еркектердің әйелдерден не себепті аз өмір сүретінін алға тартты.

«Олар қант диабеті, қан қысымы, созылмалы аурулар сынды адамның өміріне қауіп төндіретін негізгі сырқаттарға жиі ұшырайды. Оған қоса Қазақстанда 15-29 жас аралығындағы ер азаматтар жол апатына жиі ұшырап, суицид кеселінен өмірден өтетіндіктен, Қазақстандағы еркектердің жалпы өмір сүру ұзақтығы қысқа болып отыр», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер