Ерболат Досаев: Жас мамандар - медицина жүйесінің болашағы - Ұлт саулығы|25 Қазан 2018, 10:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ерболат Досаев: Жас мамандар - медицина жүйесінің болашағы

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Астанада медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференция басталды.

Жаһандық конференцияға әлемнің 146 мемлекетінен медицина саласының басшылары мен білікті мамандары келді. Олардың қатарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Фор, ДДҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб бар.

«Профилактика мен ауруларды алдын ала анықтау – денсаулық сақтау жүйесіндегі шығындарды едәуір азайтып, медициналық ұйымдардың жұмысын жеңілдетеді. Адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету, оларды қолдау – Үкімет пен денсаулық сақтау министрлігінің басымдық беріп отырған бағыттарының бірі. Бүгінгі шараға қатысып отырған жас мамандарға алғыс айтам. Олар медицина жүйесінің болашағы, медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бағдарламасын жүзеге асырушы да солар », - дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев.

Фото: Нұржас Жақсыбай

ДҰҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужанна Якоб та конференцияны ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ойымен бөлісті.

"Алматыда өткен конференцияда медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөнінде мәселе қозғап едік. Бүгін сол стратегияның бағытын, мақсатын нақтылай түспекпіз. Бұл іске аса жауапкершілікпен қарау керек. Бастысы - өз бойымыздағы білімді келер ұрпаққа жеткізу", - дейді ол.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметі бірлесіп ұйымдастырған шара Алматы декларациясының 40 жылдығына арналып отырғанын жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер