Емханаға тіркелу туралы ақпаратты «электронды әкімдіктен» білуге болады - Ұлт саулығы|04 Маусым 2014, 18:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Емханаға тіркелу туралы ақпаратты «электронды әкімдіктен» білуге болады

АСТАНА. 4 маусым. BAQ.KZ – Емханаға тіркелу туралы ақпаратты Астана қаласының «электронды әкімдігінің» service.astana.kz порталынан алуға болады, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Емханаға тіркелу, оның мекен-жайы, учаскенің нөмірі және учаскелік дәрігер туралы мәліметтерді кез-келген қала тұрғыны service.astana.kz порталынан білуге болады. Аты-жөнін және туған күнін немесе ЖСН көрсетсе жеткілікті», - делінген хабарламада.
 
Айта кетейік, ақпараттағы сәйкессіздікті немесе жоқтығын анықтаған жағдайда Астана тұрғыны «электрондық үкімет» egov.kz порталында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелуге электрондық өтінімді бере алады, не болмаса тұрғылықты жері бойынша емханаға баруға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер