BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елжан Біртанов Қарағанды облыстық көпсалалы клиникасында болып қайтты

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен бірге Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университетінің облыстық көпсалалы клиникасын аралап шықты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Медициналық мекеме университетке сенімді басқаруға берілген бұрынғы №2 қалалық аурухананың ғимаратында ашылды.

100 төсек орнына шақталған клиникада ҚММУ профессорлары жұмыс істейді және студенттері тәжірибе алады. Мұнда амбулаторлық, стационар алмастыратын және стационарлық көмек көрсетіледі. Штатта кеуде бөлігінің хируртері, урологтар, гинекологтар, тарвматологтар бар. Жақын уақытта бұл жерде аралық құлаққа аз инвазивті ота жасау, сонымен қатар семіздікпен ауыратындарға асқазанның бір бөлігін алып тастау секілді оталар жасалады. Аурухана аз инвазивті және қуыстық оталар жасауға, сондай-ақ жан сақтауға арналған қазіргі заманғы аппаратурамен жабдықталған. Студенттер және интерндер үшін цифрлық симуляторлар, интерактивті анатомиялық үстел және манекендері бар жаттығу кабинеттері бар.

«Бұл студенттер, болашақ медиктер үшін тәжірибелік машық жинауға жақсы септігін береді. Адамдарға ота жасамас бұрын, оларда өз білімдері мен күштерін цифрлық муляждарда сынап көруге мүмкіндік тудырады. Сонан соң, студенттердің өздері айтпақшы, өзіңді анағұрлым сенімдірек сезінесің. Жалпы клиниканың өзі таңдандырады. Мұнда емделушілер үшін жақсы жағдай жасалған. Басты артықшылық – мұнда ең үздік дәрігерлер: ғылыми дәрежелері бар ұстаздар мен профессорлардың жұмыс істейтінінде», - деп атап өтті Елжан Біртанов клиниканы аралап шыққан соң.

Университеттік ауруханаға емделуге Қарағанды облысының барлық тұрғындары келе алады, тек учаскелік дәрігерінен сәйкесінше жолдама алулары тиіс. Министр емделушілерге оларды студенттер емдейді деп қорқудың қажеті жоқ екенін атап өтті, себебі барлығы педагог-дәрігерлердің бақылауымен жүзеге асырылатын болады.

Клиника ҚР 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы және ҚР ДСӘҚМ «Медициналық білімді жаңғырту» жол картасы шеңберінде ашылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер