Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов астаналық дәрігерлерге ағылшын тілін тезірек меңгеруге кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов астаналық дәрігерлерге ағылшын тілін тезірек меңгеруге кеңес берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Астана – біздің мақтанышымыз, халықаралық деңгейдегі шаһар. Кеше елімізге Өзбекстан делегациясы келді. Енді «ЭКСПО» көрмесін күтіп отырмыз. Біз барлық азаматтың осы қалада өзін жайлы сезінгенін қалаймыз. Егер жат елде өзіңізді жайлы сезінгіңіз келсе, алдымен қауіпсіздік болуы шарт. Ал қауіпсіздік дегеніміз бұл медициналық қызметтің уақытында көрсетілуі. Сондай-ақ, осы бағыттағы жұмыс халықаралық талаптарға сәйкес жүргізілуі керек. Мен ағылшын тілін базалық деңгейде меңгеру туралы айтып тұрмын», - деді ол.
Министрдің сөзінше, дәрігерлердің шет тілді меңгеруі еліміздің болашағы үшін маңызды екен.
«Біз шетелдіктердің «ЭКСПО» халықаралық көрмесінде ғана емес, олардың осында тұрақты болғанын қалаймыз. Себебі, бұл біздің – инвесторларымыз, әріптестеріміз. Олар елімізге жаңа технологиялар алып келуде. Бұл Қазақстан үшін маңызды», - деді ол.
Сөз соңында Біртанов дәрігерлердің халықаралық талаптарға сәйкес медициналық білімі болу қажеттігін алға тартты. Ол бұл бағыттағы жұмыстарды шұғыл жүргізу керектігін атап өтті.
«Барлық құрылым дайын болуы қажет. «ЭКСПО» көрмесінің ашылуына санаулы күндер қалды. Сондықтан барлық маманға жедел медициналық қызмет көрсетуді халықаралық талаптарға сәйкес оқыту керек. Мысалы, Basic Life Support, Advanced Life Support. Яғни, олар әлемнің медициналық қызметкерлері еркін меңгерген талаптарды үйренуі шарт»,- деді министр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!