Астана. 25 қыркүйек. Baq.kz –Қазақстандағы санаторий-курорттық ұйымдарының жандануына 15 жыл уақыт кетті. Қазіргі күні ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тұрғындардың денсаулығын оңалту мақсатына тарту үшін аталған ұйымдардың барлығының арнайы стандартын жария етті деп хабаралады «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Шолпан Бөлекбаева.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен ФЕМТЕК Сумен емдеу және климатпен емдеудің Дүниежүзілік Федерациясының 67-ші Конгрессінде айтты.
Оның айтуынша, қазір Қазақстан азаматтардың денсаулығын оңалту мәселесіне баса назар аударып келеді. Соның дәлелі ретінде өтіп жатқан бүгінгі конгресске әлемнің 22 елінен курот жетекішілері мен медицина саласын дамытушы ғалымдар мен мамандар қатысып жатыр.
«Бүгін әлемнің 25 елінен делегаттарды қабылдап жатырмыз. Бұл делегаттар курорталогия мен реабилитация саласындағы айтулы мамандар болғандықтан тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік болып отыр. Қонақтарымызға Астана қаласында орналасқан оңалту орталығын көрсеткенімізде мұндай үлкен көлемдегі орталықта алғаш көріп отырғандықтарын қуана жеткізді» деді Ш. Бөлекбаева.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!