BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Астана. BAQ.KZ. Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, тұмау жағдайлары тіркелмеген, эпидемиологиялық маусымның басталғалы бері (2018 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-ның 23203 жағдай тіркелді (сырқаттану көрсеткіші – 127,0), сырқаттану деңгейі өткен жылдың деңгейінен 7 % төмен.

ЖРВИ-мен ауырған адамдардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды (66,1 %).

Вакцинация кампаниясы басталғаннан бастап тұмауға қарсы 1 243 419 адам егілді, бұл республиканың жалпы халқының 6,8 %-ын құрайды, оның ішінде 32 % - 14 жасқа дейінгі балалар, 68 % - ересектер. Вакцинациядан кейінгі асқынулар тіркелмеген.

Тұмау және ЖРВИ профилактикасы ағзаның өзіндік қорғаныш күшін нығайтуға бағытталған және вакцинациямен қатар жүргізіледі.

Спецификалық емес қорғаныш ретінде иммунитетті жақсарту препараттары (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер қолданылады.

Сондай-ақ, ЖРВИ-мен ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе антибактериальдық заттармен (құрамында спирт ерітіндісі бар) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамал немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (жақсы ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақ) қажет.

Ағзаны шынықтыру қажет: тамақты салқын сумен шаюдан бастап контрасты себезгі және бассейнге дейін.

Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет.

Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақырту қажет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер