Елімізде жылына 80 мың жасанды түсік жасалады - Ұлт саулығы|08 Қазан 2014, 16:23
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде жылына 80 мың жасанды түсік жасалады

АСТАНА. 8 қазан. Baq.kz - Қазақстанда 1000 әйелдің 18-і жасанды түсік жасатады.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің республикалық үйлестірушісі Гүл Омарова айтты.

 

- Елімізде бала сүйе алмайтын отбасылар саны 15-16 пайызды құрайды. Бұл жағдайдың әрбірінің бесінші себебі жасанды түсік жасату болып табылады. Біздің елімізде бедеулікті емдеуге бұрыннан жоғарғы технологиялар қолданылады. Бұндай отбасыларға емделуге жыл сайын 600 квота бөлінеді, - деген Г.Төребек қызы соңғы 10 жылда жасанды түсік жасату үш есеге қысқарғандығын айтып «Бірақ недегенімен жасанды түсік жасату Еуропа елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейде тұр. Мысалы Еуропада 1000 әйелдің сегізі жасанды түсік жасатса, біздің елде олардың саны 18-ге тең. Ал тоқсаныншы жылдары олардың саны мыңнан 60 болған болатын. Бүгінгі күні біздің елімізде жылына 80 мың жасанды түсік жасалады. Егер жылына 400 мың әйел босанса, 80 мыңы жасанды түсік жасатантындығын салыстырсақ біз әлі де белсенді түрде жұмыс істеу керектігімізді түсінеміз» деді.


Соынмен қатар, жастардың арасында жасанды түсік жасауды алдын алу үшін қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдар тартылып, мектептер мен ЖОО-ларда қосымша бағдарламалар еңгізілу жоспарлануда екендігін айтқан Г.Омарова:
- Емханаларда жедел желісі бар жастардың денсаулығын қадағалайтын орталықтар ұйымдастырылған. Ол жаққа кез-келген жасөспірім өзінің мәселесімен жолыға алады. 2013 жылы жедел желіге 300 мың жасөспірім хабарласқан. Оның басты себептерінің бірі ата-аналарымен немесе құрдастарымен түсініспеушілік болса, екіншісі ерте екіқабат болып қалу болған. Орталық мамандардың дұрыс жұмыстарының арқасында да елімізде жасанды түсік жасату азайғандығын көріп отырмыз, - деп атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер