Астана. 29 қыркүйек. Baq.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық генетикалық регистрінің мәліметтері бойынша жыл сайын Қазақстанда 2000 - 3500 бала туа біткен және тұқым қуалаушылық патологиясымен туылады.
Астана. 29 қыркүйек. Baq.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық генетикалық регистрінің мәліметтері бойынша жыл сайын Қазақстанда 2000 - 3500 бала туа біткен және тұқым қуалаушылық патологиясымен туылады.
Бұл 1000 нәрестеге шаққанда 20,0-24,3 баланы құрайды деген сөз. Балалар мүгедектігі құрылымында БЦП көшбасшы (30% дан 70% дейін) болып отыр. Қазақстанда статистика мәліметтері бойынша 44 мыңнан аса мүгедек-бала есепте тұрады, соның ішінде 10 мыңнан артық балаға балалар церебралды параличі диагнозы қойылған дейді ҚР Ұлттық генетикалық регистрінің баспасөз қызметі.
Балалардың церебралды параличімен (БЦП) ауыратын науқастардың саны әлемде жылдан жылға артып келеді, статистика бойынша 1000 жаңа туылған нәрестенің 2-і осы патологиямен туылады. Дәрігерлер күнделікті әртүрлі қозғалысы бұзылған БЦП ауыратын науқастардың категориясымен, соның ішінде жүріс-тұрысы бұзылған науқастармен ұшырасады. Әлемдік тәжірибе ОНЖ органикалық зақымдалған балаларды оңалту бағдарламасына физикалық жаттығуларды қосу керектігін дәлелдеп отыр. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмексіз, хирургиялық және ортопедиялық құралдарды қоса отырып, БЦП ауыратын балаларға ерте кешенді медициналық оңалту жүргізуге көп көңіл бөлінуде екендігін айтады мамандар.
Ая ӨМІРТАЙ
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!