Елдегі лабороториялық қызметтің кәсіби мамандары 60 % ғана - Ұлт саулығы|05 Маусым 2014, 13:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елдегі лабороториялық қызметтің кәсіби мамандары 60 % ғана

Астана. 5 маусым. Baq.kz – Бүгін «ТМД елдерінің зертхана қызметтерін үйлестіру, тәжірибе алмасу. Зертхана тесттерінің фундаменталды негізі, инновациялық технологиялар, клиникалық маңыздылығы» тақырыбы аясында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-практикалық форумда «Қазақстан Республикасындағы лабороториялық қызметтің жағдайы туралы» баяндама жасаған Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық лабороториялық диагностикасы жөніндегі бас маманы, Медицина ғылымдарының докторы Гүлшара Әбілдинова осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Біздің елде ұлт саулығын сақтау мақсатында бірқатар жарқын жобалар жеткілікті. Атап айтсақ, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының өзі неге тұрады. Сонымен қатар, лаборториялық зерттеу жұмыстарын орталықтандыру мақсатында да бірқатар тың жобалар қолға алынуда. Бұл ретте Астанадағы №4 қалалық емхананың қазіргі қызметі сөзімізді нақтылай түседі. Бұл жақсы көрсеткіштердің бірі. Ал енді қандай мәселе әлі де болса, көңіл аударуды қажет етеді? Менімше, лабороториялық маман даярлау ісін Қазақстан ғана емес, ТМД елдері шұғыл қолға алуы қажет сияқты. Өйткені, бүгінгі таңда біздің елдің өзінде лабороториялық кадр мамандарының 60 пайызы ғана кәсіби медициналық білімге ие. Ал өзге 40 пайызы медициналық білімсіз. Алайда, олар жанама мамандық білімін игерген мамандар санатына жатады, - деді Гүлшара Жүсіпқызы.
 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер