BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанадағы №2 емханада триаж жүйесі енгізілді

№2-ші қалалық емхана тәулігіне 140-200 адамға қызмет көрсетеді. Емхана аптасына 7 күн, 24 сағат бойы жұмыс істейді. Елімізде алғаш рет дәл осы емханада триаж жүйе енгізілді, ол науқастарға қызмет көрсету уақытын тиімді пайдалануды жүйелендіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Астананың №2 қалалық емханасы - бүгінгі таңда елорданың жоғары мәртебесін айқындайтын алдыңғы қатарлы көп салалы мекемесі. Аурухана 360 стационарлы орынға арналғанмен, құрамында 15 негізгі бөлім бар, олардың кейбірі елордада жалғыз болып табылады. Атап айтса, жақ-әлпетті хирургия, торакальды хирургия, көз микрохирургиясы және т.б.

Медициналық мекеменің қызметкерлер саны мың адамға жуық, олардың 300-і дәрігер. Емхана сапалы материалды-техникалық базамен қамтылған, компьютерлі томография, магнитті-резонансты ангеограф секілді қымбат әрі күрделі техника жабдықтары орнатылған 10 операциялық бөлмесі бар. Осының барлығы жылына 10 мың ота жасауға көмектеседі, бір жылда емхана 16 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетеді.

"Біз үшін ең алдымен қабылдау бөлімшесінің жұмысын дұрыс ұйымдастыру маңызды болды. Жалпы, еліміздегі барлық емханалардың қабылдау бөлімшелерінің жұмыстары ескі типте - яғни, науқас емханаға түскесін, кабинет аралап кетеді, медкөмек көрсету ұзаққа созылады. Біз бұл мәселеге мұқият қарадық. Көптеген елдердің жұмыс тәртібімен таныстық. Сөйтіп, қабылдау бөлімшелерінің триаж жүйесі секілді перспективалы жүйесін таптық. Бұл науқастардың ағымын емхана аумағына кірген сәттен бастап бөлуді білдіреді", - №2 қалалық емхананың бас дәрігері Иван Ли.

Бұл жүйенің жұмыс істеуі қалай дейсіз бе? Барлық науқастар үш топқа бөлінеді - қызыл топ, жағдайы ауыр науқастар үшін, сары топ, жағдай күрделі, алайда медициналық көмек көрсету уақыты екі сағатпен шектелетін және жасыл топ, белгілі бір уақыт аралығында диагностикалық, кеңестік көмек көрсетілетін науқастар үшін.

Бірінші кезекте қызыл топтағы науқастар үшін интенсивті терапия палаталары қарастырылған. Науқас түкен бойда өмірін сақтап қалу үшін барлық қажетті шаралар бірден жасалады.

Сары топтағы науқастар үшін тексерілу кабинеттері ұйымдастырылған. Науқас түскен бойда бір ғана кабинеттің ішінде барлық қажетті медициналық тексерістен өтеді.

"Бұл топқа арналған 8 кабинет бар. Олардың әрқайсысында 2-3 орыннан бар, бұл бір уақытта 20-30 адамды қабылдауға мүмкіндік береді, - дейді Иван Ли. - Үшінші топ үшін науқастарды тіркеудің электронды жүйесі енгізілген. Сізге қажетті бір процедура керек болса, түймешені басып, талон аласыз да, кезек бойынша қажетті кабинетке барасыз" - дейді Иван Ли.

Бұл топтағы науқастар үшін арнайы бокс бөлінген. Емханада емдеу барысы мен әр науқасқа қызмет көрсету уақыты да қатаң бақыланады. Арнайы бағдарлама дәрігерлердің жұмысын онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.

"Ординаторлық бөлімде арнайы тақта орнатылған, ол барлық үш топпен байланыстырылған және бағдарламалық негізбен қамтылған. Оператор науқастың мәліметтерін енгізген бойда оның қай топта екені, қанша уақыт қызмет көрсетілетіні бірден жазылып шығады. Бұл жүйе Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданған", - деді Иван Ли.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер