Екпеден бас тартқан ата-аналар азаяр емес - Ұлт саулығы|22 Қыркүйек 2014, 08:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Екпеден бас тартқан ата-аналар азаяр емес

Астана. 22 қыркүйек. Baq.kz – Шымкентте туберкулезбен ауыратындардың саны артып отыр. Мамандар аталмыш дерттің балалар арасында дендеп бара жатқанына алаңдаулы. Айтуларынша, науқастардың арасында, тіпті, туғалы екпе егілмеген сәбилер де бар екен. Мұның басты себебі — ата-аналардың екпе жасатудан перзентханада бас тартуы болып отыр. 

Ләззат Қаппарова, Шымкент қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің емхана меңгерушісі:

«Ата-аналар түрлі себептерге байланысты вакцинадан бас тартуда. Мысалы, былтыр бас тартқандардың саны 170 болса, биыл 8 айда 139 баланың ата-анасы егуге қарсы шықты. Жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш тағы көбейеді. Осылайша біз балақайларды туберкулезден сақтай алмай отырмыз».

Балаларға көмек бере алмай отырмыз десе де мамандар қол қусырып қарап отырған жоқ. Қыркүйектің басынан бастап қаладағы барлық мектептердің 1-сынып оқушыларына туберкулезге қарсы екпені екінші рет егу апталығы басталып та кетті. Осылайша мамандар туберкулезбен ауыратын балаларды анықтап, аталмыш дертті ауыздықтауға мүмкіндік бар екенін айтады.

Айта кетейік, туберкулезге қарсы егілетін БЦЖ вакцинасы — адамға егілген «тірі» вакцина. Сондықтан мектептерде туберкулезге қарсы екпені екінші рет егу жұмыстарын аумақтық емханалардың мамандары мен туберкулезге қарсы диспансердің дәрігерлері бірігіп жүргізеді.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер