ДСМ трансплатация орталықтарын тексерістен өткізбек - Ұлт саулығы|06 Қараша 2018, 17:27
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ДСМ трансплатация орталықтарын тексерістен өткізбек

Фото: 365info.kz

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова Денсаулық сақтау министрі еліміздегі 11 трансплатация орталығын тексерістен өткізетінін мәлім етті.

«Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрі ҚР Бас прокуратурасымен бірігіп, трансплантация орталықтарын тексеруді бастады. Мақсат – қауіпсіздік пен денсаулық саласындағы заңдылықтарды тексерістен өткізу. Ол жоспардан тыс жүргізіледі. Тексеріс ҚР Денсаулық сақтау бастамасымен жүзеге асырылуда», - деді ол Үкімет отырысынан соң журналистерге.

Осы орайда Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті төрағасының орынбасары елімізде қанша трансплатация орталығы бар екенін айтты.

«Жалпы елімізде 11 трансплатация орталығы бар. Оның тоғызы - мемлекеттік, екеуі - жеке меншік. Тексеріс аяқталған соң тиісті ақпаратты БАҚ-та жариялаймыз», - деп түйіндеді сөзін Лаура Ахметниязова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер