"Денсаулыққа 7 қадам" марафоны басталады - Ұлт саулығы|13 Наурыз 2014, 14:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

"Денсаулыққа 7 қадам" марафоны басталады

Астана. 13 наурыз. Baq.kz - 2014 жылы 12 наурызда Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында ағымдағы жылдың 7 сәуіріне дейін жалғасын табатын «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны басталады деп хабарлайды ҚР ДСМ-ның баспасөз қызметі

 

Марафонның мақсаты - әр азаматтың туылғаннан қарттық жасқа дейінгі өз денсаулығын сақтау мен нығайту жауапкершілігін жоғарылату, салауатты өмір салтын ұстану уәждемесін қалыптастыру, өмір сапасын жоғарылату мен ұзақ ғұмыр сүруге ықпал ететін денсаулығын сақтауға дағдындыру.
Марафон сау болу үшін өмір бойы ұстануға қажетті 7 қадамнан тұрады.
1-қадам – Отбасын жоспарлау мектебі, Босануға дайындық мектебі, Жас аналар мектебі.
Сау баланың дүниеге келуінің басты фактор болашақ ата-ананың жүктілікті жоспарлауға жауапты қарауы, ер мен әйел адамның экстрагениталдық ауруды ерте анықтау үшін уақытылы тексеруден өтуі және ұрықтың туа біткен ақаумен дамуының алдын алу мақсатында дер кезінде емдеу, ұрықтың дамуына қауіп тудыратын жүктілікті тоқтату, жүктілікке төзбеу және тағы басқаларға әсер ететін зиянды мінез-құлықтық қауіпті факторлардан алдын ала бас тарту, ұрықтың үйлесімді тамақтануына ықпал ететін жүктілікке дейін және жүктілік кезеңінде әйелдердің тамақтануын жақсарту болып табылады.
1-қадам шеңберінде ағымдағы жылдың 12-16 наурыз аралығында әйелдер мен ерлер денсаулығы бөлімдерінде, Денсаулық мектептерінде отбасын жоспарлау, репродуктивтік денсаулықты сақтау, жасөсіпірмдер мен жастарға уәждемелік медициналық-психологиялық консультация жүргізу, ерте және мезгілсіз жүктіліктің профилактикасы, мінез-құлықтық қауіпті факторлар мәселесі бойынша семинар-тренинг; «Мен және менің болашақ балам!», «Бақытты ана», «Ең сүйкімді және тартымды!» тақырыптарында байқау; МСАК ұйымдарында акушер-гинеколог, уролог, психолог, терапевт және тағы басқа мамандардың кеңес беруі арқылы Ашық есік күндері өткізіледі.
2-қадам – Дені сау бала мектебі
Баланың денінің сау болуы ең бірінші емізуді бастауға байланысты. Балаларға Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес дер кезінде вакцинаға бағынышты инфекцияларға қарсы вакцинация жасау, балада аурудың пайда болуының алдын алады және оның өмірін сақтап қалады. Ата-ананың басты міндеті сау баланың өсуі мен дамуын, денсаулық сақтайтын дағдылар мен өмір бойы өз денсаулығына жауапты қарауды қалыптастыру, сау үйлесімді тамақтану, фастфудтан, тәтті газдалған сусындардан бас тарту, белсенді өмір салты спортпен, дене шынықтырумен шұғылдануды жетілдіру, үйлесімді, жағымды психологиялық орта құру, сондай-ақ әлеуметтік тиімсіз темекі шегу, алкоголь мен есірткіні тұтынудан бас тартуды қамтамасыз ету.
2-қадам шеңберінде 17-23 наурыз аралығында перзентханаларда, перинаталдық орталықтарда, ауруханалар мен емханалардың балалар бөлімінде туылғаннан бастап емізудің артықшылығы, «Нәрестелерге күтім жасау» құралын тарату арқылы иммунопрофилатика, Ұлттық вакцинация күнтізбесі туралы дәрістер, мектепке дейінгі ұйымдарда салауатты өмір салты аспектілері бойынша семинар-тренингтер; «Қандай азық-түлікте дәрумен көп?», «Бағдаршам ағатай – менің досым!» атты байқау және т.б. өткізіледі.
3-қадам. Жастар денсаулық орталығы
Жасөспірім баланың физикалық, эмоциялық және психологиялық жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне ерекше назар аударғанды талап етеді. Осы жаста денсаулықты сақтаудың басты тәсілі мінез-құлықтық қауіпті факторлар мен олардың денсаулыққа кері әсері, өмір сапасын төмендететін арулардың асқынуы туралы уақытылы ақпараттандыру; психологиялық белсенді заттарды тұтынудан бас тартуға тұрақты уәждемені дамыту, репродуктивтік денсаулықты сақтау мен дамыту, өз денсаулығың мен жақындарыңның денсаулығына жауапты қарау, сондай-ақ ата-ананың, жақындарыңның, мектеп қоғамының, «тең-теңімен» қағидасы бойынша құрдастардың психологиялық қолдауы болып табылады.
3-қадам шеңберінде 17-23 наурыз аралығында денсаулық сақтау әлеуетін дамыту мен нығайту, мінез-құлықтық қауіпті факторлардың профилатикасы жөнінде жасөспірімдер мен жастар үшін тренинг, репродуктивтік денсаулықты сақтау, ерте және мезгілсіз жүктіліктің профилактикасы жөнінде семинар, АИТВ инфекциясы, нашақорлықтың профилактикасы, контрацепция тәсілдері жөнінде жасөспірімдер мен жастар үшін тренингтер, акушер-гинеколог, уролог, дерматовенеролог мамандардың қабылдауы арқылы Ашық есік күндері, психологиялық-әлеуметтік және заңдық консультациялар; «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын!», «Дені саудың-жаны сау» және т.б. атты спорттық шаралар, диктанттар, шығармалар, мазмұндамалар өтеді.
4-қадам. Скринингтер – ауруларды ерте анықтау
Ересек адамдардың денсаулығы ең бірінші әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтауға, дер кезінде емдеу мен аурудың асқынуының, өмір сапасының төмендеуінің, мүгедектік пен өмір сүрудің қысқаруының алдын алуға байланысты. Адамның өмір салтын өзгертуде, оның ішінде дене белсенділігі, үйлестірілген тамақтану, дене салмағын, артериалды қан қысымын бақылау, темекі мен алкогольді тұтынудан бас тарту аурудың асқынуының алдын алуға мүмкіндік береді.
4-қадам шеңберінде 24-30 наурыз аралығында әлеуметтік маңызды ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік профилактикалық тексеру арқылы Ашық есік күндері өтеді, емделушілер үй басын тексеру жолымен скринингтік тексеріп-қарауға шақырылады; халық көп баратын орындарда салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша мамандардың консультация беруі арқылы «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылады.
5-қадам – Емделуші мен әрбір медициналық қызмметкердің серіктес қарым-қатынасы
Денсаулықты сақтауда, өмір сапасын жақсартуда, ауруды басқарудағы басым рөл өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі көмектесу қағидаларын меңгерген, денсаулық сақтау дағдыларын игерген және өз денсаулық әлеуетін дамытуға уәждемесі жоғары белсенді емделушіге тиесілі. Аталған мақсатқа жетудегі басты құрал Денсаулық мектептерінде оқу, емделуші мен шағын тәртіптік командадағы әр медицина қызметкерімен серіктес қарым-қатынасын құру болып табылады.
5-қадам шеңьерінде 24-30 наурыз аралығында ақпараттық-білім беру материалдарын тарату арқылы кардиолог, эндокринолог, пульмонолог, педиатр, акушер – гинеколог, уролог, онколог мамандардың артериалық қан қысымын, холестерин деңгейін, қан құрамындағы қантты, Кетле индексін өлшеу, көздің көруін тексерумен емханалардағы Денсаулық мектептерінде Ашық есік күндері өтеді.
6-қадам – Мінез-құлықтық қауіпті факторлар бойынша Денсаулық мектептері
Мінез-құлықтық қауіпті факторлардың әлеуметтік маңызды аурулардың асқынуына әкеліп соғатыны дәлелденген. Адамның уәждемелік сұхбаттасудың көмегімен зиянды әдеттерден бас тартуды ұстануы алкогольді ішімдіктер мен есірткіні тұтынатын шылымқорлардың санын шектеуге мүмкіндік береді.
6-қадам шеңберінде 31 мартанаурыз бен 6 сәуір аралығында шылымқорлықтан және басқа да мінез-құлықтық қауіпті факторлардан бас тартуға уәждемені қалыптастыру бойынша тренингтер, семинарлар; халықты қабылдау кезінде МСАК-тың мамандарымен түсіндіру жұмыстары; ортақ жауапкершілік мәселесі туралы халық арасында кеңінен ақпараттық-білім бері мен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
7-қадам – Белсенді ұзақ ғұмыр
Белсенді ұзақ ғұмыр – тиімді дене белсенділігін, майлар мен көмірсуларды шектей отырып үйлесімді тамақтануды сақтау, көкністер мен жемістерді көп мөлшерде тұтыну, ас тұзын тұтынуды шектеу, ұйықтау мен демалу тәртібін сақтау, ауыр салмақ түсірмеу, сондай-ақ әлеуметтік белсенділік ұзақ уақыт сау және белсенді өмір сүру мүмкіндігі.
7-қадам шеңберінде 31 наурыз бен 6 сәуір аралығындаҚарт адамдар клубында белсенді, сау ұзақ ғұмыр мен республика халқының өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа дейін және одан жоғарыға жеткізу бойынша өмір сапасын қамтамасыз ету мәселесі жөнінде тренингтер, семинарлар өтеді.
7 сәуірде барлық өңірлерде «Денсаулыққа 7 қадам» марафонының қорытындысын шығару арқылы Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған баспасөз конференциясы өтеді. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер