Костарикалық «Санигест Интернейшнл» компаниясының президенті Джеймс Цирконе бүгін Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласында орын алып жатқан өзгерістерге өз бағасын берді.
Костарикалық «Санигест Интернейшнл» компаниясының президенті Джеймс Цирконе бүгін Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласында орын алып жатқан өзгерістерге өз бағасын берді.
«Соңғы бірнеше жылда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі трансформация процесінен өтті. Бұл 2010 жылы Біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі құрылғаннан бастап аталған жүйенің бірнеше функциясына оң әсерін тигізді. Атап айтқанда, медициналық қызмет көрсетулер. Қазір емделушілер дәрі-дәрмек пен қондырғы тасымалдаушыларды да өздері таңдайды» деді Цирконе.
Оның айтуынша, Қазақстан мамандары уақытты ұтымды пайдаланып, тиісті өзгертулерді қысқа уақытта жүйеге енгізген.
«Жүргізіліп жатқан реформалар денсаулық сақтау саласын қаржыландыру, басқарушы мамандар даяралу, инфрақұрылымға инвестиция үшін жаңа стандарттар енгізу және қондырғылар алу сынды халықаралық деңгейдегі тәжірибеден өткен. Бүкіл әлемде мұндай ауқымдағы жаңалықтарды салаға ендіру үшін ұзақ уақыттар жұмсалған. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігі өте қысқа уақыт ішінде маңызды өзгерістерді жүйеге енгізе білді. Мұндай қадамға бармастан бұрын Австралия, Канада, Ұлыбритания және Түркия сынды елдердегі рефрормаларға назар аударылды» деп сөзін қорытты костарикалық маман.
Естеріңізге салайық, бүгін Астана қаласында министрліктер мен ведомстволар, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктестер қатысуымен болған «Қазақстандағы денсаулық сақтау саласын реформалау жобасының жүзеге асырылу барысы және 2014-15 жж. мақсат-міндеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында жобаның 2009-2013 жж. қорытындылары жасалып, алдағы 2014-2015 жж. іс-шараларын жүзеге асыру жайы талқыланды. Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Халықаралық Банктың миссиясы шеңберінде ұйымдастырылды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!